Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді. Астанада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыс өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі дүйім жұртқа таныстырылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады.
Додада алыптар сайысынан Қазақстан құрамасының мүшесі Азамат Мақұлбек қатысады.
фото
Құсбегіліктен Қазақстан құрамасының мүшесі Ерлан Кенжетай бағын сынайды.
Жамбы атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз сынға түседі.
Дүбірлі додаға құралайды көзге атқан мерген Айкөркем Батихан да қатысады.
Қазақстан құрамасының атынан Сырым Ізбасар да бақ сынайды.
Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: спорттың 20 түрінен жарыс өтеді