|
23.08.2023 | 15:16
2449

Қазақстанда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді

Жобаның жүлде қоры - 65 млн теңге

Қазақстанда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді

Қазақстанда Астана-Түркістан бағыты бойынша «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба 6 қыркүйекте сағат 14.00-де Қаражар (Ильинка) ауылында бастау алады. Осы шара қарсаңында - 5 қыркүйекте елордадағы «Қазанат» ипподромында 18.00-де республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында Жорықтың салтанатты тұсаукесері өтеді.

Ұзындығы 1300 шақырым болатын маршрут Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын басып өтіп, 19 қыркүйекте Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді.

Марафон 14 бөлікке (бірінші және соңғы күні 50 шақырымнан; қалған күндері 100 шақырымнан) бөлінген.

Жобаның жүлде қоры - 65 млн теңге (демеушілердің есебінен). Жеңімпаз команда 30 млн теңге, екінші орын иегерлері - 20 млн теңге, қола жүлдегерлер - 15 млн теңге алады (Регламентке сай).

Марафон жұмысына 2 халықаралық, 2 қазақстандық судья және 2 халықаралық, 3 қазақстандық ветеринар шақырылды.

«Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырады.

Жобаның басты серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры». Ақпараттық серіктес - «Қазақстан» РТРК.

Толығырақ ақпаратпен www.joryq.kz сайтынан танысуға болады.


Былтыр өткен марафон-бәйге туралы фильм түсірілген болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир