Бүгін Петропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыс әкімінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанған еді. Ол осы жарыста тағы екі медаль жеңіп алды.
Бұл – Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
Қазақстан құрамасының сапындағы 7 спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.
«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым», – деп жазды Айдарбек Сапаров.
Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.
Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды.