Ұлттық компания өкілдері арнайы рейд ұйымдастыруды сұрайды
«Үлкен Алматы көліне бару үшін 30 мың теңге төлеуіңіз қажет». Әлеуметтік желіде осындай талапқа тап болған алматылықтың бейнежазбасы тараған еді. Ұлттық компания өкілдері оқиғаға қатысты мынадай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Азаматтың сөзіне сенсек, оған «ҚазАвтоЖол» мамандары негізгі жолдың апатты жағдайда екенін айтып, қызметтік көлікпен баруды ұсынған. Бұл үшін арнайы төлем жасау керек екені де айтылған. Ұлттық компания өкілдері ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
– Бейнежазбағы қызметкерлердің арнайы киімі біздің киім үлгісімен сәйкес келмейді. «ҚазАвтоЖол» мамандары қызғылт-сары түсті киім киеді. Ал жол қызметі адамдарды ақылы түрде тасымалдамайды, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізгіміз келеді. Арнайы мамандарды қоспағанда, аталған аймаққа көлікпен өтуге рұқсат жоқ. Біз алматылық әріптестерімізден патрульдік қызметті күшейтіп, арнайы рейд ұйымдастыруды сұраймыз, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап метродағы пойыздардың жүру аралығы қысқарады