Көшпенділер ойындары: Қазақстан жүлде қоры бойынша бірінші орында тұр

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстан көкпаршылары ресейліктерді ойсырата жеңді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүйім елдің назарын өзіне аударған көшпенділер ойыны аяқталуға жақын. 80-нен астам ел қатысып жатқан сайыста спортшылар бүгін 11 спорт түрінен сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық құраманың шабандоздары түске дейін ресейлік көкпаршыларды қабылдады. Есеп 18:2. Қазақстан командасы айқын басымдықпен қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Намыстың нары, тұлпардың бабы сыналған сында жанкүйерлердің де қолдауы ерекше екенін көруге болады.

– Шымкент қаласынан келдім. Барлық ойынды көрдім. Еліміздің құрамасын қолдап жатырмыз, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрмұхамбет Төлегенов.

Ертеңгі финалда ұлттық құрама айыр қалпақты ағайынмен сынға түседі. Қырғызстаннан келген шабандоздар осал емес.

– Ойын 4 күннен бері жақсы өтіп жатыр. Кім күшті болса, сол жеңсін, – деді Қырғызстан көкбөрі федерациясының төрешісі Нарымбек Оспанәлиев.

Қазақ күресінен балуандар да жарады. Бүгінгі есепте олар 15 медель жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, екеуі – күміс, қалғаны – қола. Ал жалпы есепте Қазақстан жүлде қоры бойынша бірініш орында тұр. Бәсекенің бесінші күнінде қатысушылар 10 спорт түрінен жүлделерді сарапқа салады.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Үшінші күн: көшпенділер ойындарында ел қоржына 40 медаль түсті

Новости партнеров