Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде зорлыққа ұшыраған 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Алайда аталған дерекке қатысты пікір білдірген полиция өкілдері зорлау фактісін растаған жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Aktobe Times-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі жергілікті парақшаларда Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады. Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпады.

«Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қазірше өзге деректерді жария ете алмаймын», - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болған

Новости партнеров