Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
Головкин мен Альварестің бірінші және екінші жекпе-жегі Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өткен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мексиканың спортшысы Сауль Альвареспен үшінші кездесу қыркүйек айында өтетін балды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл жекпе-жек қыркүйек айында болатындығына сенемін. Мүмкін, дәлсол айда болады. Сонымен қатар, қыркүйекте Мексиканың Тәуелсіздік күні. Бұл – үлкен мереке. Оның командасы Невада, Лас-Вегасты жақсы көреді. Бізде Даллас, AT&T Stadium бар. Джерри Джонс боксты жақсы көретінін білемін! Бірақ бәрі бизнеске байланысты шешіледі», - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші және екінші жекпе-жегі қыркүйек айында, Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өткен еді.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин Стив Ролсспен айқасады. Бұл жекпе-жек DAZN-мен үш жылдық келісімшарт бойынша бірінші айқас болмақ.


Новости партнеров