Winter Run 2024 – бұл биыл оныншы рет өтетін әрі 2024 жылғы дәстүрлі бірінші қысқы жүгіру. Аталған спорттық іс – шара 2024 жылғы жүгіру іс-шараларының күнтізбесін ашады және 29 қыркүйекке жоспарланған Almaty Marathon үлкен стартына дайындық іспетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа 10 жастан бастап барлық ниет еткендер қатыса алады, 15 жастан асқандар 10 км және 7 км скандинавиялық серуендеуге және 10 жастан 14 жасқа дейінгілер 3 км балалар қашықтығына қатыса алады. Жарыстың басталуы мен аяқталуы әл-Фараби даңғылындағы «Нұрлы Тау» БО-дан жоспарланған.
Мәре сызығында барлық спортшыларға естелік медаль табыс етіледі. 3 км қашықтықтағы қыздар мен ұлдар арасындағы үш жеңімпаз, сондай-ақ 10 км жас санатындағы жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады. Әйелдер мен ерлер арасындағы 10 км қашықтықтағы абсолютті есепте жеңімпаздарға негізгі сыйлықтардан басқа, ақшалай сертификаттар беріледі.
Winter Run 2024 ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және #Сен басқасың мультиспорттық Youtube-арнасы қолдауымен. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
Ағымдағы жылы Алматыда дәстүрлі маусымдық жарыстар жоспарланған, олар: Summer Run, City Run, Sora Almaty Run, Tau Jarys, Almaty Half Marathon жартылай марафоны, веложарыс – Almaty city Туры және Жылдың ең күтілетін оқиғасы – Almaty Marathon. «Almaty Marathon», «Almaty Half Marathon» және «Almaty Copa Run» сайттарында тіркелу ұйымдастырушылардың ресми сайтында қолжетімді almaty-marathon.kz. Іс-шаралар күнтізбесімен Алматы марафонының сайтында танысуға болады.