Алматыда 8 мыңнан астам оқушы үйірмеге тегін қатыса алады

19.08.2022 20:33

Қала бойынша 36 спорт секциясы мен үйірме тегін жұмыс істейді

dk-doronichi.ru

Алматыда  8 мыңнан астам оқушы 36 секция мен үйірмеге тегін қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында Алматының 8 ауданында 100 бос уақыт орталығы қызмет көрсететіндігін, онда 8 мыңнан астам адамды қамтитын тегін негіздегі 36 спорт секциясы мен үйірме жұмыс істейтінін хабарлайды.

«Жобаның мақсаты – 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін бұқаралық қолжетімді спортты дамыту, олардың кәсіби спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау. Аталған бағдарламаға қатысушылардың 60-тан астам бала іріктелініп, ЖСМ-ге қабылданды», - деді Бекжан Онжан.

Қалада спорт ойын түрлері бойынша 9 спорт клубы қаржыландырылады, олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының ұлттық құрамалары үшін негіз болып табылады. Олардың ішінде «Буревестник Алматы» волейбол клубы, «Алматы» қыздар волейбол клубы, «Алматы» баскетбол клубы, «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы, «Алматы» хоккей клубы, «Азия Спорт» ҚҚ регби клубы, «Алматы» гандбол клубы, «Қайрат» ФК, «Қайрат» футзал академиясы бар.

Президенттің жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау мақсатында кәсіби спорт клубтарын бұқаралық спортқа қайта бөле отырып, оларды күтіп ұстауға арналған қаржы шығысы қысқартылды.

Сондай-ақ, Бекжан Онжан Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорт резервін дайындау туралы айтып берді. 13 мыңнан астам спортшы үшін 78 спорт түрі бойынша дайындық жүріп жатыр.

Республиканың ұлттық құрамасына 906 алматылық спортшы кіреді, оның ішінде: негізгі құрам – 135 спортшы, жастар құрамы – 375 спортшы, жасөспірімдер құрамы – 396 спортшы.

Бекжан Онжан спорт қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады.

«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 25% арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында 2020 жылы республикалық бюджеттен 257,9 млн теңге, 2021 жылы 50% көтеру үшін 578,9 млн теңге бөлінді. Спорт саласында 809 маман қосымша ақы алды», - деп қорытындылады спикер.

Дереккөз: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі