Алматының шағынаудандарында спорттық нысандар ашылады

19.08.2022 20:37

Бүгінде Алматыда 3 611 спорт ғимараты бар

ticketon.kz

Алматыда жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен айналысатын қала тұрғындарының саны өсіп келеді. Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Өз сөзінде Бекжан Онжан Қазақстан Республикасының Үкіметі биылғы жылы 35%-дан кем емес қол жеткізумен халықты спортпен қамту бойынша нысаналы көрсеткіштерді қайта қарауды тапсырды.

«Бүгінде қалада қолжетімді спорттық инфрақұрылым салынып жатыр, сондай-ақ біз алматылықтарды спортпен жаппай айналысуға тартудамыз. Бүгінде Алматыда 3 611 спорт ғимараты бар. Бұл стадиондар, спорт кешендері, жаттығу орталықтары, шаңғы базалары, атыс тирлері, велотрек, секіруге арналған трамплин, хоккей корттары, конькимен жүгіру стадионы, теннис корттары, ипподром, спорт манеждері, жүзу бассейндері және тағы басқалар», - дейді спорт басқармасының өкілі.

Бұл ретте жабық спорт нысандарының құрылысы ұлғаяды. Мысалы, 2022 жылдың соңына дейін Жетісу ауданында жергілікті бюджет есебінен салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылады. Олардың бірі Кемел шағын ауданында (Жайсаң көшесі, 22, №80 мектеп аумағында) орналасқан. Онда жекпе-жек секциялары, спорттық ойындар ұйымдастырылады. Тәуліктік өткізу қабілеті – 560 адам.

Екінші ДСК Айнабұлақ-2 шағынауданында (№118 және №137 мектептер арасында) ашылады. Онда әмбебап және жаттығу залдарына, бокс және жекпе-жек залына бару мүмкіндігі пайда болады. Тәуліктік өткізу қабілеті – 564 адам.

Тағы бір спорт ғимараты Құлагер шағын ауданында Қазыбаев көшесінде ашылады. Мұнда түрлі секциялар ашылып , су спорт түрлері дамитын болады. Тәуліктік өткізу қабілеті – 894 адам.

Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығының құрылысы туралы айтып берді.

«Медеу ауданының Алатау шағын ауданында 7 400 шаршы метр алаңда үлкен ДСК салынады. Құрылыс көлемі бойынша осындай нысан Түрксіб ауданының Жас Қанат шағын ауданында пайда болады. Онда су спорты түрлері бойынша спорт секциялары, үстел теннисі, хореография сабақтары ұйымдастырылады. Алатау ауданының зерделі шағын ауданында бокс пен жекпе-жекпен айналысатын кешен салынады», - деп жалғастырды ӨКҚ спикері.

Сонымен қатар, 14 кортқа арналған теннис орталығы салынады, онда 4 жабық және 10 ашық корт болады. Бұл қаладағы ең ірі Теннис орталықтарының бірі болады және Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Сондай-ақ, осы жоба шеңберінде фитнес және қалпына келтіру рәсімдеріне арналған зал, тренажер залы көзделген.

Инвестициялар есебінен My win спорт кешенінің, үстел теннисі орталығының құрылысы жүргізілуде, сонымен қатар велотрек жөндеуден өтеді.

Осымен қатар облыс әкімдіктері дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін орналастыру үшін қосымша алаңдарды берді. Спорттық нысандар санының негізгі өсімі ашық спорт алаңдарын салу есебінен. Бүгінде олардың саны 2 409-ды құрайды.