|
26.08.2019 | 15:34
1067

Қазақстанда спорт университетін ашу жоспарланып жатыр

Қазақстанда спорт университетін ашу жоспарланып жатыр

Елімізде спорт университеті ашылмақ. Алдағы бірнеше жылда Қазақстанда спорт университетін ашуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп жазды stan.kz.

«Болашақта біздің елімізде Спорт университетін құру жоспарлануда. Спортшыларды барлық салада дайындауға байланысты факультеттер, түрлі бағыттар болады», - деді Сәпиев.

Оның айтуынша, қазір тиісті департамент спорт университетін ашудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатса керек және басқа мемлекеттік органдармен келісу үстінде.

«Біз оның негізін әзірледік, ұсыны енгізіп жатырмыз. Мәселе шешілуде», - деп түсіндірді ол.

Комитет басшысы атап өткендей, егер елімізде спорт университетін ашу идеясы қолданылса, алдағы үш-төрт жылда республикада жаңа университет пайда болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир