|
02.07.2023 | 15:35
2932

Қазақстанның жас теннисшілері ITF Juniors турнирында жеңіске жетті

Сайыс Иран астанасы Тегеранда өтті

Қазақстанның жас теннисшілері ITF Juniors турнирында жеңіске жетті пресс-службы ФТК

Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J100 TEHRAN OPTIGEN PRO JNIOR CHAMPIONSHIP турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңімпаз атанды.

Даниал жартылай финалда үш сағаттан астам уақытқа созылған матчта отандасы Әмір Омархановты қапы қалдырды, есеп – 5:7, 6:3, 7:5.

Ал финалда ресейлік, жарыстың бірінші ракеткасы Дмитрий Буртцевтен басым түсті – 6:3, 6:3.

Ә.Омарханов жұптық сында болгариялық Иван Найденовпен бірге ақтық сында өзбекстандық Имран Хайтбаев – Беларусь өкілі Даниил Ряженковты ұтып, чемпиондық атаққа ие болды, есеп – 7:6 (7:2), 6:3.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир