|
05.05.2021 | 15:36
1016

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Еліміздің бокс федерациясы тәрбиеленушілерге жүлделі сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар тапсырды

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Алматыда бокстан жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Біздің спортшылар Польшаның Кельце қаласында өткен чемпионатта 10 медаль жеңіп алған еді. Алтын медаль 49 келі салмақта өнер көрсеткен Санжар Ташкенбай мен 64 келіге дейінгі салмақтағы қарағандылық спортшы Сабыржан Аққалықовқа бұйырған болатын. Бұдан бөлек жерлестеріміз тағы төрт күміс және төрт қола медальді қанжығаға байлады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Бұл балалардан болашақта көп үміт күтеміз. Олардың үздік нәтиже көрсетуге талабы зор. Сондықтан жастарды одан әрі ынталандырып, еңбектерін бағалайық деп шештік. Егер балалар кейін үлкендер арасындағы чемпионаттарда да жеңіске жететін болса, қаржылай көмек әлдеқайда көп болады», – деді ҚР Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.

Еліміздің бокс федерациясы тәрбиеленушілерге жүлделі сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар тапсырды. Мамандардың сөзінше, мұндай нәтиже жастардың әлемдік жарыстарда көрсеткен үлкен жетістігі. Сондықтан да бұл ел үшін тарихи маңызға ие. Федерация өкілдері 2024 жылы болатын Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға үлкен үміт артып отыр.

«Иә, өзімнің де, жаттықтырушыларымның да еңбегіне көңіліміз толады. Жаттықтырушыларым мен бокс федерациясына жанымызда болғаны үшін рахмет айтқым келеді», – деді Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир