|
30.07.2023 | 15:37
545

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы үшінші медальді жеңіп алды

Сайыс Чэнду қаласында өтті

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы үшінші медальді жеңіп алды twitter.com/Chengdu2021

Қазақстан Чэнду қаласындағы (Қытай) жазғы Универсиада-2023-те үшінші медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Никита Чирюкин оқ атудан ұлттық құрамаға күміс медаль сыйлады. Қазақстандық тапаншадан 25 метр қашықтықтан жылдам ату бойынша 27 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл сайыс бойынша алтынды чехиялық Матей Рампула (29 ұпай), ал қоланы Оскар Миливек (23 ұпай) жеңіп алды.

Тағы бір күміс медальді 50 метр қашықтықтан үш позициядан мылтықпен ату бойынша командалық есепте – Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин 3507 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Қытай құрамасы (3529 ұпай), үшінші орынды Үндістан өкілдері (3502 ұпай) иеленді.

Сондай-ақ Универсиада-2023 ойындарында Қазақстан қола жүлдені жеңіп алды - оны дзюдошы Сұңғат Жұбатқан жеңді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жеңімпаз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир