Біздің құрама сапында 26 спортшы бар
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-әлем чемпионатының алғашқы медаль сарапқа түсті. Ерлер арасында 10 метр қашықтықта пневматикалық тапаншадан атқан үздіктер белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жекелей жарыста бас жүлдені қытайлық Бовен Янг қанжығасына байлады. Айта кетейік, кеше басталған дода 1 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Біздің құрама сапында 26 спортшы бар. Олар барлық санатта өнер көрсетеді.
– Медальдан дәмеліміз. Құрама сапында әлем кубогінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Бұл жерге келгендер де сол жарыста болған спортшылар, – деді стенд атудан ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Колос.
– Бұл – әлем чемпионаты. Бұл жерге ең мықтылар келіп отыр. Біз жеңіске жетуге тырысамыз, – деді стенд атудан ұлттық құрама мүшесі Әсем Орынбай.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды