Алматыда «Батыл бол» жобасы басталды

Алматыда «Батыл бол» жобасы басталды
Сайыстың мақсаты – жасөспірімдерді спортқа баулу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шара тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға арналған. Наурызбай ауданында өткен спорттық додаға Алматы қаласы және Алматы облысынан 150-ге тарта бала қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

9 бен 13 жас аралығындағы жас спортшылар еркін күрестен белдесті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жарыс 2018 жылдың 1 наурызында қолға алынған. Сайыстың мақсаты – жасөспірімдерді спортқа баулу.

«Іс-шараның басты мақсаты - жастардың спортқа деген көзқарасын өзгерту, өйткені балалар қазір ұялы телефон немесе теледидар, компьютер деп үйде отырып қалады. Болмаса сандалып далада жүреді. Сол себептен балалардың барлығын біз спорт залына тартып жатырмыз», – деді «Батыл бол» жобасының жетекшісі Мұхтар ТҰРСЫНОВ.

Новости партнеров