Алматыда жеңіл атлетикадан XXXI Qosanov Memorial халықаралық еске алу турнирі өтті, деп хабалайды Almaty.tv тілшісі.
Жарысқа 14 елден 280 спортшы қатысқан. Жеңімпаздар биыл АҚШ-тың Орегон штатында өтетін Әлем Чемпионатына қатысуға лицензия алу құқығын сарапқа салады. Бұл – ТМД елдері бойынша Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығының элиталық сериясына енген жалғыз еске алу турнирі.
«Осы жарыс Ғұсман Қосановты белгілі қазақ совет жеңіл атлетінің еске алу мемориал деп өткізудеміз. XXXI халықралық ассоциясының күнтізбесіне енді. World Athletics Continental Tour Bronze Label -дегі жарыс 14 елден 250-ден астам спортшы қатысып жатыр», – деді ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсенбек
«Мен 100 метрлік қашықтықта жеңімпаз атандым. Бұл – менің екінші жарысым. Өте қуаныштымын. Бүгін жанкүйкер болып, қолдау көрсетуге келгендерге рахмет. Енді әлем чемпионатына дайындаламын», – деді жеңімпаз Ольга Сафронова.