Гроссмейстер Динара Сәдуақасова жарыс жолынан шығып қалды
Фото: time.kz
Ол әр партияда интернетті көбірек ойлауға тура келгенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар Интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турнирінен шығуыма тура келгенін хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда Интернетпен қиындықтар бола берді», – деді Сәдуақасова.
Ол әр партияда интернетті көбірек ойлауға тура келгенін айтты.
«Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын», – деді шахматшы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31