Буркино-Фасо құрамасының ойыншысы «Қайсар» командасында сынақтан өтіп жатыр

inform.kz
inform.kz
Дайындыққа жаңадан тағы үш футболшы қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Буркино-Фасо құрамасының ойыншысы Қызылорданың «Қайсар» командасы сынағына алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен жылы бірінші лигада 2-орын алып, Премьер-лигаға қайта оралған «Қайсар» бүгінгі күндері Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Дайындыққа жаңадан тағы үш футболшы қосылды.

Солардың бірі – Буркина-Фасо құрамасында ойнайтын Бен Азиз Загре жасыл алаңда орталық қорғаушы қызметін атқарады. Бұған дейін Португалияның «Гимарайнш», Арменияның «Улисс», Данияның «Эсьберг» командаларында ойын көрсеткен. Ол қызылордалық команданың Түркиядағы алғашқы жиынына қатысып, Өзбекстан олимпиадалық құрамасына қарсы кездесуде гол соқты.

Сондай-ақ, сынақтан өтетін ойыншылар қатарында өзбекстандық Шохрух Абдурахмонов пен молдовалық Владимир Генайтис бар.

Екінші оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» алты жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдымен, 11 қаңтарда Әзербайжанның «Шамахы» клубымен кездессе, одан кейін 16 қаңтарда Косовоның «Балкани», 18 қаңтар Әзербайжанның «Кяпаз», 23 қаңтарда Сербияның «Раднички» клубтарымен шеберлік байқасады. Ал, 25 қаңтарда Болгарияның «Локомотив» (София) командасымен кездессе, 26 қаңтарда сербиялық «Вождавацпен» ойнайды.

Новости партнеров