|
11.09.2024 | 15:56
465

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш «алтын» иеленді

Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алды

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш «алтын» иеленді Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аясында тоғызқұмалақтан финалдық кезең өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды.

«Жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды.

Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында Ресей және Моңғолия тұр.

Оқи отырыңыз: Үшінші күн: көшпенділер ойындарында ел қоржына 40 медаль түсті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир