Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қатысушылар 7 спорт түрінен сынға түседі

 Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараны тамашалауға арнайы шетелдік жанкүйерлердің қарасы қалың
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түбі бір түркі әлемі көз тіккен Көшпенділер ойынының екінші күні басталды. Бәсеке бас қаланың бірнеше нысанында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін қатысушылар көкпар, дәстүрлі садақ ату, аударыспақ, қолкүрес, асық ату мен қазақ күресі сынды 7 спорт түрінен сынға түседі. Көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы бақ сынамақ. Сайыс «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Көпшілік асыға күткен іс-шараны тамашалауға арнайы шетелдік жанкүйерлердің қарасы қалың.

– Франциядан келдік. Кешелі-бері ойындарды тамашалап жүрміз. Жарыстың бәрін көріп үлгеруге тырысып жатырмыз. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Алдағы 5 күніміз тамаша өтейін деп тұр, – деді турист Джефф Лесни (Франция).

Бәсекеден бөлек, бұл маңда этноауыл құрылған. Көшпелі қазақ ауылын бейнелеген аумақта әр өңірден киіз үйлер арнайы тігілген. лардың табиғаты, қасиетті жері мен салт-дәстүрі дәріптелген. Ұмыт болған ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды көздеген шеберлер де осы алаңда жүр.

– Ата-бабаларымыз тарыны, бидайды диірмен тасымен жаншып, азық еткен, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Қыздығой Бәйішова.

Апта бойы дүйім елдің назары Астанадағы дүбірлі додада болмақ. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, қатысушылар саны да жылдағыдан көбейген. Биыл 89 елдің спортшысы өзара мықтыны анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды

Новости партнеров