Ұлттық ұлан қызметкері Иорданияда күміс жүлде иеленді

21.08.2023 20:57

Б. Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі екінші орынға ие болды

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

17 тамызда еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалы өтті. Кеңес Одағының Батыры полковник Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Иордания астанасында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Біздің балуан төрт жекпе-жекте жеңіске жетті, бірақ өкінішке қарай, Ираннан келген спортшыға 45 есебімен финалдық жекпе-жекте жеңіліп, біріншіліктің күміс медалін жеңіп алып, қазақстандық команданың қоржынына бірінші медаль әкелді.

- Мен әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Осыған дейін Азия чемпионатында жетістікке жеттім. Мен фавориттердің бірі ретінде келдім, сондықтан қарсыластарымның барлығы мықты болды. Ең қиыны соңғы жекпе-жек болды. Қарсыласым өте күшті, финалға дейін тең есепте келдік. Бірақ мен тұғырдың екінші сатысын ғана алдым. Ұлттық ұлан қолбасшылығына еліміздің атынан шетелдік аренада өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Ризабек Айтмұхан.

Қазіргі уақытта Ризабек Алматы қаласында Отан алдындағы борышын өткеп жатыр.

Дереккөз: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Алматыда асық атудан қалалық деңгейде жарыс басталды