Алматыда «Әке мен бала» спорттық сайысы өтті. Дода қалалық Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа 7-8-сынып оқушылары әкесімен қатысты. Жарыста 25 топ бақ сынады.
– Іс-шара «Асқар тауым қамқоршым» деп аталды. Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты, әкенің қолдауын көрсеткіміз келді, – деді ұйымдастырушы Жәнібек Алпысбай.
Қатысушылар эстафеталық кезеңнен өту, ләңгі тебу, асық ату сынды ұлттық ойын түрлері бойынша тайталасты. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиелеудегі әкенің рөлін айқындау.
– Жастар ұялы телефонды көп қолданады. Керемет жарыс ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Келешекте ұлдарымыз спортқа бейім болады деген сенімдеміз, – деді қатысушы Ерлан Базарханұлы.
Оқи отырыңыз: WorldSkills Almaty 2024 чемпионатының жеңімпаздары анықталды