Ақтаулық егіздер финалдық жекпе-жектен бас тартты (видео)

17.06.2021 21:40

Нәтижені «тас, қағаз, қайшы» ойыны анықтады

Фото предоставили родители призёров

Маңғыстаудың егіз қыз Қызылорда облысында өткен тхэквондо турнирінде финалдық жекпе-жектен бас тартып, жеңімпазды өз араларында танымал ойынмен анықтауға бел буды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сайтына сілтеме жасап.

Финалдық жекпе-жекте егіз апалы-сіңлі Ая мен Сая Кенжеғали 24 келіге дейінгі салмақта 1-орынға ие болды. Олар жекпе-жекке шыққан жоқ, бірақ «тас, қағаз, қайшы» ойнап, 1-орынға таласуға шешім қабылдады. Нәтижесінде егіздің сыңары Айя Кенжеғали жеңімпаз атанды.

Тхэквондодан 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған еді. Жарысқа республиканың бүкіл аймағынан 800-ден астам спортшы балалар қатысты.