Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі
Дауыс беру қорытындысы бойынша қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды.
Қазақстандықтар 5 үміткер үшін дауыс берді. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы.
8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Милад Карими 73,19 дауыспен жеңіске жетті.
Оның ізін ала регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікке сондай-ақ нысана көздеуден Қазақстан командасы орналасты.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!