Қазақстанның велоспорт құрамасы Түркияда 4 медаль жеңіп алды

07.08.2022 21:02
olympic.kz

Түркия елінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық велоспорт құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жеке жарыста Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырына көтерілді. Оның әріптесі Дмитрий Носков мәреге екінші келді. 

Дәл осы сайыс түрінен әйелдер арасында Рината Сұлтанова бірінші орын иеленген. Ал тағы бір қазақстандық Марина Кузьмина қола жүлде жеңіп алды.

Теги: жарыс