|
20.12.2023 | 17:20
1453

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмысы қалай жүргізіледі

Кесте бойынша 47 патрульдік бригада жұмыс істейді

Алматы көшелерін қардан тазарту жұмысы қалай жүргізіледі Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сағат 14:00-ден бастап Алматы қаласында сілбі қар жауа бастады. Дислокация орындарында 118 құм таратқыш кезекшілік етуде. 130 бірлік шағын көлемді арнайы техниканың күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, деп хабарлайдыАlmaty.tv. 

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 47 патрульдік бригада, 386 бірлік арнайы техника және 1120 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қардан тазартылатын көше-жол желісінің жалпы алаңы 25 млн м2, сондай-ақ 3 339 аула аумағы бар.

Тазалау кестесі тәулік бойы: сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін күндізгі ауысым, 20.00-ден 05.00-ге дейін түнгі ауысым.

Қысқы кезеңде қарды жинауды «Алматы Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, сондай-ақ 9 жеке компания жүзеге асырады. Қардан тазарту жұмысы жолдарда, жаяу жүргіншілер аймақтарында, ортақ кеңістіктерде, жерүсті өткелдері мен тротуарларда, велосипед жолдарында, қоғамдық көлік аялдамаларында жүргізілуде. Биылғы қысқы кезеңнің басынан бері 36 мың м3 қар шығарылды. Қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылда Алматының бас шыршасы қалай безендіріледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир