Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді
Ең алдымен ірі спорттық доданың өтетіні туралы қуанышпен хабарлаймын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белградта өтетін болды, деп хабарлады Olympic.kz.
Жоспар бойынша, әлемдік дода Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, Нью-Дели өз міндеттемелерін толық орындамаған соң, АИБА Үндістан бокс федерациясымен келісімшартты бұзды.
"Ең алдымен ірі спорттық доданың өтетіні туралы қуанышпен хабарлаймын. Белград әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін. Өйткені, Сербияда ірі спорттық жарыс ұйымдастыратын үлкен мүмкіндік бар", - дейді АИБА-ның уақытша президенті Мохаммед Мустахсане.
Айта кетелік, Белград бокстан әлем чемпионатын араға 43 жыл салып қабылдайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31