Алматыда киберспорт түрінен алғаш рет турнир өтті
Almaty.tv
Додаға қатысу үшін еліміздің 96 командасы өтініш білдірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда киберспорт түрінен алғаш рет турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Додаға қатысу үшін еліміздің 96 командасы өтініш білдірген. Жарыс киберспорттың 3 түрінен өткізілді, ақтық сынға тек 12 команда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай сайыстар жалғасады. Турнирдің басты мақсаты – жастарды киберспортпен таныстыру және оны кеңінен насихаттау. Жарыстың жүлде қоры – 3 млн теңге.
«Біріншіден, Алматы қаласында және Қазақстанда осы кибер спортты дамыту. Екіншіден, жаңағы әлеуметтік жағынан алатын болсақ, іс-шараның мақсаты – жастарымызға түсіндіру», – деді ұйымдастырушы Дархан Дүйсенбиев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10