Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті екіжақты пневмониядан қайтыс болды
Фото: shaiba.kz
Анатолий Злотников екі аптадай екіжақты пневмониямен ауырған екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті Анатолий Злотников қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Анатолий Злотников 1992-1997 жылдары отандық хоккейді басқарды. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық серіктестікті дамыта бастады және әлемге таныла бастады. 2000 жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маман болды.
Анатолий Злотников екі аптадай екіжақты пневмониямен ауырған екен.
Қазақстан хоккей федерациясы Анатолий Петровичтің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
08.10.2026 17:29