Алматылық мәнерлеп сырғанаушы мұз үстіндегі биімен жұртты тамсандырды

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы мұз үстіндегі биімен жұртты тамсандырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Көлсайда коньки теуіп, тағы да көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Ксения Панкратова сырғанаған сәтін Instagram парақшасында жариялап, «Көлсайдың ғажайып мұзы», деген жазу қалдырды. Желі қолданушылары видео астына «Ғажайып», «Сондай әдемі», «Сәнді видео», «Тамаша», «Әдеттегідей теңдессіз», «Қазақстанның туын алып сырғанағанда одан да керемет болар еді», «Ертегідегідей», - деген пікір қалдырып, жылы лебіздері жеткізді. 

Айта кетсек, биыл жыл басында Ксения Панкратова мұз қатқан Қапшағай су қоймасында қызыл көйлекпен сырғанап, желі қолданушыларының көзайымына айналған еді. Сондай-ақ сәуір айында мәнерлеп сырғанаушы Баянауылдың сұлулығын көрсетіп, желідегілерді тағы қуантты. 

Еске салсақ, спортшы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, 2018 жылдан бастап, көпшіліктің көңілінен шыға бастап еді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 

Новости партнеров