Алматыда халықаралық бокс кеші өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Оны әлемнің 100 млн-нан астам көрермені тамашалауға мүмкіндік алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықаралық бокс кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық спортсүйер қауымнан бөлек, бұл шоуды әлем елдері де көптен күткен еді. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров испаниялық Луис Энрикемен шаршы алаңға шығып, чемпиондық белбеуді иеленді. Сондай-ақ ережесіз жекпе-жектің мықтылары Арман Әшімов пен Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы дебюттік бәсекесін өткізіп, қарсыласын шаң қаптырды.

«Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегім. Аллаға шүкір, жеңіске жеттім. Бұл бастамасы. Бұйырса алда әлемдік деңгейде бокс өнерін көрсетеміз. Жеңісімді қазақ бауырларыма, желтоқсан айында қанша адам қиыншылық көргенін білесіздер, желтоқсаншыларға арнағым келеді», – деді жарысқа қатысушы Нұржан Серікбаев.

Бокс кешін әлемге әйгілі DAZN стриминг сервисі елімізде алғаш рет ұйымдастырып отыр. Нәтижесінде жекпе-жек шоуын бір мезетте 200-ден астам спорттық телеарна тікелей эфирде көрсетті. Әлемнің 100 млн-нан астам көрермені тамашалауға мүмкіндік алды.      

«Осындай халықаралық жоба былғары қолғап шеберлеріне жол ашады. Спортшылар танылып, бәсекеге түседі. Спорттағы мансабын жалғастырады», – деді  ұйымдастырушы Әлімжан Қалдияров. 

Новости партнеров