Футбол мен баскетбол ойнауға бар жағдай жасалған алаңқай толығымен кәсіпкер қаржысына салынған. «Кемел» шағын ауданында тұратын балалар алаңқайда алаңсыз асыр салып ойнауға кірісіп кетті. Жасөспірімдердің бос уақытын спортқа арнағаны ата-аналар үшін үлкен қуаныш, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Көптеген жағдайлар жасалды: шым төсеп берді, ойын алаңдарын жасақтады, теннис үстелін орнатты. Бізге өте ыңғайлы болды. Қазақша күресті дамытуға тегін мүмкіндік туғызды. Біз үшін бұл өте қымбат сыйлық», – деді оқушы Нұрсұлтан ИКРАМ.
Мұнымен қатар Жетісу ауданында ережесіз жекпе-жектен жастар арасында турнир өткізілді. Жарыста 150-ге жуық спортшы бағын сынады. Олардың арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген жас өрендер де бар. Жеңімпаздар арнайы белбеу, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!