Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды

11.12.2023 21:20

Ол Жапония елінің спортшысы Акихиро Кондо сынға түсті

Almaty.tv

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы спорт сарайында отандасымыз бен Жапония елінің спортшысы Акихиро Кондо сынға түсті. Қос мықтының арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылды. Жанқош Тұраров төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы IBO World және WBA Gold белбеулерін иеленді.

Айта кетейік, былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 27 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 20-сында қарсыласын нокаутпен тізе бүктірген. Ал жапониялық боксшы шаршы алаңда 50 мәрте бақ сынаған. Спортшылар Алматыдағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, баспасөз конференциясына қатысты.

– Жарысқа 4 ай дайындалдық. АҚШ-қа барып дайындық жасадық. Тәуелсіздік мерекесіне орай жарыс өткізуді жөн көрдік, – деді кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров.