Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды
olympic.kz
Тағы бір үздік спортшымыз Анастасия Городько алғашқы финалда жарыс жолынан шығып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Фристайл-могулдан Қазақстан қыздар құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтық сында Галышева 79.52 ұпай еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің көшбасшысы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді (82.11). Үздік үштікті ресейлік Анастасия Смирнова түйіндеді (79.41).
Тағы бір үздік спортшымыз Анастасия Городько алғашқы финалда жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, бұл Галышеваның әлем біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. Ккі жыл бұрын ол Парк Ситиде (АҚШ) әлем чемпионы болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40