Жартылай финалда автралиялық қарсыласын жеңді
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-та Литл-Рок қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында австралиялық Адам Уолтонмен кездесіп жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы текетіресте үш сетте жеңіске жетті. Екі ойында теннисшілер тай-брейк ойнап, 6:7, 6:4, 7:6 есебінде болды. Осылайша Бейбіт Жұқаев турнирдің финалына шықты.
Бұған дейін Литтл-Роктағы Челленджерде Жұқаев америкалық Колин Маркес пен Николас Морено де Альборанды, неміс Петр Гоевчик пен қазақстандық Михаил Кукушкинді де жеңген болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды