Қазақстандық дзюдошылар Әлем турында алтын және күміс медаль жеңіп алды

28.01.2023 21:33

Мұндай деңгейдегі жарыста қазақстандық әйелдер арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті

prosports.kz

Атыраулық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияның Алмада қаласында өткен Әлем турында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Әбужақынова жерлесі Ғалия Тынбаевамен кездесіп, жеңіске жетті.

Мұндай деңгейдегі жарыста қазақстандық әйелдер арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті. Спортшыларға медальды Халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску табыс етті.

25 жастағы Әбиба Әбужақынова былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Абу-Дабидегі "Үлкен дулыға" турнирінің қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.