Апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында әскери әуе күштерінің Су-30 және Mirage 2000 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ұшақтар оқу-жаттығу болып жатқан Гвалиор әуе базасы штатына ұшып шыққан. Дереккөздердің мәліметіне сәйкес, Су-30 бортында екі, ал Mirage 2000 кабинасында бір ұшқыш болған.
Үш ұшқыштың бірі қаза болды, деп хабарлады әскери әуе күштерінің өкілі Twitter-де.
Оқиға сенбіде болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, апатқа ұшыраған жойғыштар әуеде соқтығысқан болуы мүмкін.
"Ұшақтар әуеде соқтығысуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр", – деді News 18 телеарнасының маманы.
Апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.