Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

13.02.2021 22:20

Оның соңғы жекпе-жегі Қаңтарда Магнитогорск қаласында (Ресей) өтті, онда ол 50 секунд ішінде ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген еді

instagram Куата Хамитова

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін көктемде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы  «Найман» өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Келесі жекпе-жекті Қазақстанда Рамазанға дейін өткіземін!», –  деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталады.

Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегі Қаңтарда Магнитогорск қаласында (Ресей) өтті, онда ол 50 секунд ішінде ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген еді.

Сондай-ақ, өткен айдың соңында Хамитов Алмалы аудандық соты дезинфекторларға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін оның алты айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Енді Хамитовке осы уақыт аралығында  елден кетуге тыйым салынды.