|
28.08.2023 | 16:37
1875

«Ұлы дала жорығының» басталуына 8 күн қалды

6-19 қыркүйек аралығында шытырман оқиғаларға толы «Ұлы дала жорығының» куәгері бол

«Ұлы дала жорығының» басталуына 8 күн қалды ашық дереккөзден

Астана-Түркістан бағытындағы 1300 км қашықтықтың ең ұзақ әрі ең қиын бөлігі (Бетпақ дала) Ұлытау облысының аумағынан өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәл осы жерде жол бойы тарихи әрі мәдени ескерткіштер ең көп шоғырланған. Алтын Орданың  негізін қалаған Алаша хан, қазақ хандарының әулетін қалаушы, Шыңғыс ханның тұңғышы - Жошы хан жерленген киелі жер де дәл осы Ұлытау өңірінде.

Бұдан басқа, Домбауыл батыр, Болған ана, Талмас ата, Ерден сұлтан, Дүзен Сандыбайұлының денелері де Ұлытау жерінде мәңгілік тыныштық құшағына берілген. Ежелгі Басқамыр, Аяққамыр қалашықтарының іздері де осы жерде сайрап жатыр.

Сонымен қатар Ұлытаудың Бетпақ даласында үш жүздің басын қосып, қалмақты жеңетін ұлы шайқас болған Қалмаққырған деген киелі жер бар. Осының барлығын «Ұлы жорыққа қатысушылар» өз көздерімен көріп қана қоймай, сол заманның рухын сезініп, бойларына сіңіріп  қайтады.

Олай болса, 6-19 қыркүйек аралығында шытырман оқиғаларға толы «Ұлы дала жорығының» куәгері бол. Сегіз күннен кейін 20 командамен ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізімен 1300 км шақырымды бүгінгі күннің батырларымен бірге қайта бағындыр. Тілектес бол, жанкүйер бол!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир