|
24.06.2022 | 16:46
890

Қазақстандық спортшы таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға 12 спортшы барды

Қазақстандық спортшы таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды Национальный олимпийский комитет

Қазақстандық спортшы Рита Бәкішева 24 маусымда басталған оңтүстік кореялық Чхунчхондағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

46 келі салмақта сынға түскен ол турнирді екінші айналымнан бастап, Кувейт спортшысынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл оған жартылай финалға өтуге мүмкіндік берді.

Жартылай финал жекпе-жегінде Рита таиландтық қарсыласынан жеңіліп, қола медаль иегері атанды.

Чемпионаттың бірінші күнінде өнер көрсеткен барлық таэквондошы жүлдегер қатарына кіре алмады.

Әзірет Дүйсенбек өзінің алғашқы жекпе-жегінде (54 келі) жартылай финалда иорданиялық таеквондошыдан жеңіліп қалды. Фариза Алдангорова (53 кг) мен Камила Аймұқашева (57 кг) жарысты аяқтады.

Еске салсақ, таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға 12 спортшы барды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир