Қазақстандық теннисші Бублик Singapore Tennis Open финалында жеңіліп қалды

28.02.2021 21:47

Турнирдің жалпы жүлде қоры 360 мың АҚШ долларынан жоғары соманы құрады

Фото: kaznews.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Singapore Tennis Open (АТР 250) турнирінің финалдық матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның қарсыласы австралиялық Алексей Попырин болды. Бублик бірінші сетте жеңіске жетті, бірақ келесі екеуінде жеңіліп қалды (6:4, 0:6, 2:6).

Турнирдің жалпы жүлде қоры 360 мың АҚШ долларынан жоғары соманы құрады.

Бублик ATP (46-шы) ерлер теннисшілері рейтингінде қазақстандықтар арасында ең жоғары орынға ие. Оның қарсыласы 114-ші орында.

Бұл оның ATP сериялы турнирінің төртінші финалы болды.