|
11.04.2022 | 16:57
680

Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті

Шараға 150-ден астам атлет қатысты

Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті Almaty.tv

Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға 150-ден астам атлет қатысып, көпшілік алдында өнер көрсетті. Олардың арасында ауыр затты көтере алатын алып күш иелері мен брейк-дансшылар және баскетболшылар бар.

Өткен демалыста спортпен әуесқой және кәсіби түрде шұғылданатындар арасында ерекше сайыстар  өтті. Көпшілік назары пауэрлифтингшілер мен стронгменшілерге ауды. Атлеттер салмағы 300 келі ауыр дөңгелекті көтеріп, көрерменді таңдай қақтырды. Ұйымдастыршылардың айтуынша, соңғы уақытта аталмыш спорт түрі елімізде кеңінен танылып келеді.  

«Әуесқой спортшылар мен қәсіпқойларды осында бағын сынауға шақырамын. Осындай шаралар арқылы халыққа танылып, үнемі бабында жүреді. Негізгі мақсат – спортшыларға қолдау білдіріп, әрі қарай биікке ұмтылуына жағдай жасау», – деді ұйымдастырушы Марат Шалабаев.

Ал пауэрлифтингтен әйелдер арасында бәсеке өте тартысты өтті. Қатысушылар ауыр темірді көтеріп, жарыстың көркін қыздырды. Одан бөлек фестивальде баскетбол мен күш сынасудан және брейк-данстан жарыс өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.  

«Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Кіл мықтылар жиналды. Рамазан айында көңіл-күй көтеріңкі жүргенге не жетсін!  Бәсекеде қалай да топ жаруға тырысамыз», – деді жарысқа қатысушы Айхан Сенімсейіт.

Мерей Қанапиянов, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир