Қазақстандық каратешілер Мәскеуде өткен премьер-лига бәсекесінде төрт медаль жеңіп алды
olympic.kz
Каратеші Софья Берульцева Мәскеу премьер-лигасын қорытындылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық каратешілер Мәскеуде өткен премьер-лига бәсекесінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Жарысымыз жақсы өтті. Көптеген жаңадан спортшылар қосылған. Бұрын осыған дейін каратеден премьер-лига додасына ТОП-100 спортшы ғана қатысуға мүмкіндік алатын. Осы жарыстан бастап ТОП-200 спортшыларға қатысуға рұқсат берілді.
Бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы және әлем чемпионаты алдындағы соңғы жарысымыз. Олимпиададан кейін демалыс болғанымен, жаттығуымызды тоқтатқанымыз жоқ. Бұл – менің Олимпиада жүлдегері ретінде қатысқан бірінші әлемдік турнирім. Қарсыластың барлығы өте мықты дайындалған және финалға шыққанша бәрі барын салды», – дейді Софья Берульцева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10