|
04.10.2021 | 20:57
8701

Мектепте жұмыс істейді: Атырауда әйел нәрестесін әжетханада туып тастап кеткен

Сәбидің өмірге келгенін қаламаған анасы жүктілігін 9 ай бойы жасырып келген

Мектепте жұмыс істейді: Атырауда әйел нәрестесін әжетханада туып тастап кеткен Фото: m.azh.kz

Атырау облысы Индер ауданында айы-күні жеткен шақалақ әжетханада дүниеге келді. Сәбидің өмірге келгенін қаламаған анасы жүктілігін 9 ай бойы жасырып келген. Мақсатты түрде даладағы әжетханада босанған ана да, шақалақ та қазір дін аман, дәрігерлер бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Әжетханада босанған әйел аудандағы музыка мектебінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Туған-туыстары да, ұжымдастары да оның 9 ай бойы жүкті екенін мүлдем байқамапты.

«Мен оның аяғы ауыр екенін мүлдем байқамаппын. Тіпті, аяғы ауыр әйелге ұқсамай жүретін. Жалғыз мен емес, көбі аңдамай қалған. Жайсыз хабарды бүгін естіп жатырмыз. Дөрекі мінезін көргенім жоқ», – деді аудандық «Индер балалар өнер мектебі» директорының міндетін атқарушы Гүлсара Адайбекова.

Анасы шақырған жедел-жәрдем қызметіне «денсаулығым тұрақты» деп, үзілді-кесілді қаралудан бас тартқан әйел адам қолхат жазып берген. Ауруханаға да барғысы келмеген. Көп ұзамай 3-4 үйге ортақ әжетханаға барған көршілері сәбидің үнін естіп, бірден хабар берген.

«Индер ауданында 3 қазан күні сағат 12:00 шамасында 102 операторына әжетханада шақалақтың жатқаны туралы хабарлама берген. Соның нәтижесінде шақалақ табылды. Күдікті әйел де табылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Қазір балаға да, анаға да алғашқы көмек көрсетілді. Олар дәрігерлердің бақылауында. Енді жалғызбасты ананың бұл әрекетіне тергеу амалдары нәтижесінде шешім шықпақ.

Райымбек Сафиолла, «Алматы» телеарнасы, Атыраудан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир