Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

10.06.2023 в 22:40

Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты

Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымдық жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.

Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.

Айта кетейік, былтыр осы уақытта Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.

Оқи отырыңыз: Алматыда жалға алынған электр самокаттар үшін шектеу аумағы бекітілді