|
08.06.2023 | 14:18
2470

Алматыда жалға алынған электр самокаттар үшін шектеу аумағы бекітілді

Шектеулер электр самокаттарды жалға беруші компанияның арнайы қосымшасында көрсетілетін болады

Алматыда жалға алынған электр самокаттар үшін шектеу аумағы бекітілді Zakon.kz

Алматыда жалға алынған электр самокаттар үшін шектеу аумағы бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол қозғалысы барлық қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматыда кикшеринг компанияларымен бірге қала әкімдігі электр самокаттардың жүруі шектелетін орынды анықтады.

Мәселен, электр самокаттармен Южный, 28 панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды. Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және Северный скверлерінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғылы Назарбаев даңғылы Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурда жүруге шектеу қойылған. Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі. Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электр самокаттарды қалдыруға тыйым салынады.

Шектеулер электр самокаттарды жалға беруші компанияның арнайы қосымшасында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережені сақтауы, адамдар көп жиналған орында үлкен жылдамдықпен жүрмеулері тиіс.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік басымдықта: Алматының Түрксіб ауданының жолдарына қанша камера орнатылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир