ӘЧ-2022: Испания мен Португалия келесі кезеңге өте ала ма

fifa.com
fifa.com
Бүгін 1/8 финалдың соңғы ойындары өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының төртінші ойын күнінде Марокко мен Испания құрамалары кездеседі. Ал Португалия және Швейцария құрамалары 1/8 финалын түйіндейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марокко мен Испания арасындағы кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эр-Райян қаласындағы 44667 жанкүйерге арналған «Эдьюкейшн Сити» стадионында өткізіледі. Бас төреші - аргентиналық Фернандо Рапальини. Оған отандастары Хуан Пабло Белатти мен Диего Бонфа көмектеседі. Қосалқы төреші - бразилиялық Рафаэл Клаус.

Екі құрама өзінің тарихында үшінші мәрте кездесіп отыр. Біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде испаниялық футболшылар басым түсті.

Ал Португалия мен Швейцария арасындағы кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Лусаил қаласындағы 88966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өткізіледі. Бас төреші - мексикалық Сесар Артуро Рамос. оған отандастары Альберто Морин Мендес пен Мигель Анхель Эрнандес Паредес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Иштван Ковач.

Екі құрама өзінің тарихында 25 мәрте кездесті. Оның 8-і Португалия, 11-і Швейцарияның жеңісімен аяқталса, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров