Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды
Қазақстан намысын қорғауға 6 жеткіншек айдынға шықты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемнің 18 елінен келген 60 астам спортшының басын қосқан байрақты бәсекенің ашылу салтанаты болды. Ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қарағандыдан келген 12 спортшы қорғауда. Жарыс жасөспірімдер мен ересектер арасында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халықаралық турнир тұңғыш рет ұйымдастырылып отырса да, ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. «Халық аренада» ине шаншар жер жоқ. Қала берді, шет елдіктер де мойындап отыр. Салтанатты ашылу рәсімі алдымен қазақ мақтанышы Денис Тен туралы түсірілген фильмнің тизерінен басталды    

Алматы әкімдігінің қолдауымен  «Денис Тен» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған бәсекеде әлемнің 18 елінен келген 60 астам спортшы жасөспірімдер мен ересектер арасында бақ сынасып жатыр. Бүгін жарыстың алғашқы күнінде жасөпірімдер қысқа бағдарлама бойынша сынға түсті. Қазақстан намысын қорғауға 6 жеткіншек айдынға шықты.

«Өсіп келе жатқан жас спортшылар осы сынды елімізде өтетін халықаралық жарыстарға қатысып, шыңдалу қажет деген оймен біз кәсіби спортшылар мен бірге жасөпірімдерді де қостық. Бұл мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылықты да арттырады деген ойдамыз. Бұл Денис Теннің арманы еді. Ол да орындалды», – деді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем БАЙСЕИТОВ.

Новости партнеров