Азия ойындары: Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды

web.telegram.org
web.telegram.org
Қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіның баспасаөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы атанып үлгерген қазақстандық караэші 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті.

Софья бірден тізгінді қолға алып, юко ұпайларымен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 3:0.

Осылайша, Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтын жүлдені салды.

Сондай-ақ Дидар Әмірәлі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Оқи отырыңыз: Каратэші Дидар Әмірәлі қола жүлдеге ие болды

Новости партнеров